Баланың денесі табылмай жатыр
Алматы облысының Қарасай ауданында 2011 жылы туған баланың денесін іздеуге 80-ге жуық адам тартылған.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әли Балғазиев есімді бала Қаскелең өзеніне абайсызда құлап, ағып кеткен. Оқиға 18 тамыз күні түстен кейін Қарасай ауданының Қаскелең шатқалында болған.
Әли өзен жағасына туыстарымен бірге табиғатта демалуға шыққан. Бала өзен жағасында фотоға түскісі келген кезде суға құлап кеткен. Анасы ұлын құтқара алмай қалған.
Баланың денесін полиция қызметкерлері, туыстары, жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздеп жатыр.