×

«Динара Сәтжан көтерген мәселе». Көшені ластаған 6 300 адамға айыппұл салынды

«Түкірікке қатысты заңға түкіргенім бар» десеңіз, 5 АЕК (15 900 теңге) бойынша айыппұл төлеуге тура келеді

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2022 | 11:59
коллаж: Halyq Uni

Қазір елорда көшесіндегі көп адамның жерге түкіруін «Сергек» камерасы «аңдып» тұр. Өйткені осы аптада жергілікті мәслихат депутаттары қоғамдық орындағы тәртіпке қатысты заңды күшейтуді ұсынған болатын.

Сессия отырысында бұл мәселені мәслихатта Динара Сәтжанқызы көтерді. Әкімнің тарапынан да қолдау көрсеткені қуантты. Сондықтан да талапты күшейту қажет, - деді қалалық мәслихат депутаты Ләззат Разбекова.

Негізінде қоғамдық орындарды ластаған, оның ішінде түкіргендерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бабы бұрыннан бар. Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, былтыр көшені ластап, оның ішінде түкіргені де үшін 5 412, ал биыл 6 300 адам айыппұл арқалаған. Егер «түкірікке қатысты заңға түкіргенім бар» десеңіз, 5 АЕК (15 900 теңге) бойынша айыппұл төлеуге тура келеді. Ол әрекет екінші рет қайталанса, айыппұл да екі еселенеді.

«Қоғамдық орындарды ластаған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын біз жауапкершілікке тартып жатырмыз. Бейнетаспаға жаяу жүргіншілер де, көлік жүргізушілер де бірдей түсіп жатады», - дейді Алматы аудандық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Қанат Нысантаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама