Halyq Uni логотип
×

Балалар емханасында медициналық құралдарды пайдалана алатын маман тапшы

Қоғамды соңғы жылдары жаңа туған балалардың аурушаңдығы және шала туатын сәбилердің көбеюі алаңдатып отыр

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2022 | 10:41
Балалар емханасында медициналық құралдарды пайдалана алатын маман тапшы
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысындағы балаларды оңалту орталығында медициналық аппарат бар, бірақ кадр мәселесі әлсіз. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева AMANAT партиясы Қостанай облыстық филиалы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді.

Депутат Рудный қаласындағы ерекше балаларға арналған «Қамқор» оңалту орталығында болған. Сол сәтте жоғары сынып оқушылары үшін «отбасын жоспарлау» курсын енгізу мәселесі талқыланды. Себебі қоғамды соңғы жылдары жаңа туған балалардың аурушаңдығы және шала туатын сәбилердің көбеюі алаңдатып отыр. Сондай-ақ медициналық университеттерде кадрларды даярлау мәселесінің осал тұстары айтылды.

«Қостанайдағы балаларға арналған медицина мекемесінің жұмысы жақсы. Бірақ кадр мәселесі әлсіз. Құрал жеткілікті, аппаратура бар, бірақ оны пайдаланатын маман аз. Енді мамандарды оқыту мәселесінде біз Ғылым және жоғары білім министрлігіне жүгінеміз», - деді Екатерина Смышляева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама