Жеңілдетілген автонесие: Үкімет тағы 10 млрд теңге бөлді

Халық үні

Қазақстанда жеңілдікпен берілетін автонесие алу үшін 31 538 өтініш түскен

Фото: ашық дереккөздерден

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 10 миллиард теңге көлеміндегі артық лимитті жеңілдікпен берілетін автонесиелендіру бағдарламасы аясында «Еуразия банкі» АҚ-на бергенін хабарлап отыр.

Осылайша, қор автонесиелендіру үшін берілген 100 млрд теңгенің бәрін үлестіріп бітті. Бұл қаражат «Еуразия банкі» АҚ (35 миллиард теңге), «Банк ЦентрКредит» АҚ (27,5 миллиард теңге), «Қазақстан Халқы банкі» АҚ (22,5 миллиард теңге), «Forte Bank» АҚ (15миллиард теңге) банктеріне берілді.

Қазір 31 538 өтініштің ішінде жалпы сомасы 95,5 миллиард теңге болатын 12 483 өтініш мақұлданған. Бағдарлама бойынша несие алу үшін ең көп өтініш үскен қала — Алматы болып отыр. Мұнда 7 031 адам жеңілдікпен несие алу бағдарламасына қатысуға ниет танытқан.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі атап өткендей, жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы 30 жылға есептелген.