×

Талдыкөлде экопарк ашуға 1 млрд теңге бөлінді

Қазір көл маңында демалыс аймағын құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр

 Ербол Тұрымбет 07.02.2022 | 18:08
эскиз: gov.kz

Елорда әкімдігі Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк ашылатынын, осы мақсатта 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінгенін хабарлады.

«Кіші Талдыкөлдің су балансын сақтай және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде», - делінген әкімдік хабарламасында.

Е-10 көшесі, «Зеленый квартал» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы Кіші Талдыкөлдегі экопарк жобасы абаттандырылып, су қоймасының бойында судың табиғи сүзілуін және қажетті экожүйені құруға мүмкіндік беретін тастан жасалған жағалау болады. Сондай-ақ су деңгейін сақтап әрі оттегімен біркелкі қанықтыру үшін биодренаждық жүйені ұйымдастыру және су айдынын аэрациялау көзделіп отыр екен.

Әкімдіктің мәліметінше, серуендеу үшін де арнайы инфрақұрылым жасалады: жағалаудағы сулы-батпақты жерлерде террассалық жағалау сақталады және флора мен фаунасы бар экоклимат үшін жағдай жасалады.

Үлкен Талдыкөлдің де экологиялық инфрақұрылымы болады. Көл жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама