Бейнеүндеу Есіл ауданының полиция басқармасында тіркелген
Елордалық полицейлер Назарбаев Университеті қызметкерлерінің студент қыздарды зорлағаны жөніндегі видеоүндеу бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі анықталды. Ол Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлауға, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсетуіне қатысты бірнеше фактіні білетіні туралы айтқан», - делінген Рolisia.kz Telegram-арнасында.
Айта кетсек, аталған бейнеүндеу Есіл ауданының полиция басқармасында тіркелген. Полиция қызметкерлері ол жөнінде толық ақпаратты кейін жариялайтындарын мәлімдеді.