2013 жылы «түрме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбады» деген желеумен жазасына тағы 2,5 жыл қосылған
Халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросы Алматыда 2006 жылы болған «Шаңырақ» оқиғасынан кейін 16 жылға сотталған Құрманғазы Өтегеновтің бостандыққа шыққанын жариялады.
Ол – сол кезде сотталып, қамауда отырғандардың соңғысы. Бұған дейін «Шаңырақ» оқиғасына байланысты сотталып, түрмеден шыққан соң қайтыс болған Арон Атабекпен бірге полицейді өлтірді деген айып тағылған.
Содан бері, міне, бүгін таңертең бір-ақ босатылып отыр. Өйткені 2006 жылғы оқиғадан кейін 16 жылға сотталса, 2013 жылы «түрме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбады» деген желеумен жазасына тағы 2,5 жыл қосылған болатын.
Еске сала кетсек, 2006 жылы 14 шілдеде Алматы қаласының полициясы Шаңырақ ауылының «заңсыз салынған» үйлерін бұзуға қарсы шыққан тұрғындарын күшпен таратпақ болған. Қақтығыс салдарынан полиция қызметкерлерінің бірі Әсет Бейсенов тірідей жанып кеткен еді.