×

Былтыр қанша университет пен колледж жабылды - министр жауабы

Аймағамбетов оқу орындарында он мыңға жуық жалған студент тіркелгенін де айтты

 Қымбат Елтайқызы 07.02.2022 | 17:00
фото: ашық дереккөзден

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылы іске асқан негізгі шаралар жайлы баяндады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Білім беру сапасы төмен 15 жоғары оқу орны жұмысын тоқтатты. Тағы оқыту сапасы нашар 65 ЖОО-дан 500-ден астам лицензия кері қайтарылды. Сондай-ақ 30 колледж жұмысын тоқтатып, тиісті деңгейде білім бермеген мамандықтар бойынша 2000 лицензия министрлікке қайтарылды, – деп жазды ведомство басшысы әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, 100 мыңнан астам студент басқа жоғары оқу орындарына ауысты. Сонымен қатар тексеру кезінде іс жүзінде оқытылмаған он мыңға жуық студент оқудан шығарылды. Жоғары оқу орындарында олардың құжаттары да болмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама