Halyq Uni логотип
×

Елордада жүрген 40 қайыршы елден шығарылды

Ал бір апта ішінде 288 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылған

 Еркеғали Болатұлы 19.08.2022 | 14:49
Елордада жүрген 40 қайыршы елден шығарылды
фото: ашық дереккөз

Елордада 8 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту мақсатында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Шараны өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен елорда көшелерінде қайыршылықпен айналысатын 40 шетелдік азамат елден шығарылды. Оның 30-ын полиция Өзбекстанмен шектесетін мемлекеттік шекараға дейін мәжбүрлеп шығаруды ұйымдастырды, - делінген қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал қалған 10 шетелдік азамат Қазақстаннан өз бетінше кеткен.

Жалпы, осы жедел алдын алу іс-шарасы басталған бір апта ішінде көші-қон туралы заңнаманың түрлі бұзушылықтары үшін 288 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама