Halyq Uni логотип
×

Алматыда қымбат көлік ұрлап, абайсызда адам өлтірген жігіт сотталды

Айыпталушының бірнеше қылмыстық іске қатысы бары анықталған

 Дәурен Ерболат 19.08.2022 | 11:43
Алматыда қымбат көлік ұрлап, абайсызда адам өлтірген жігіт сотталды
Фото: udm.aif.ru

Түрксіб аудандық сотында қымбат көлік ұрлап, абайсызда адам өліміне әкеп соққан қылмыстық іс қырқартылған тәртіпте қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

21 жастағы жігітке абайсызда адам өлтірді, көлік ұрлады, оқиға орнынан кетіп қалды, алаяқтық жасады деген айыптар тағылды.

Судья қос тарапты тыңдап, айыпталушына кінәлі (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі, 200-бабы 3-бөлігі, 345-бабы 3-бөлігі, 347-бабы бойынша) деп тапты. Жас жігіт 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қалалық соттың мәліметінше, қайғылы оқиға биыл наурызда болған.

21 жастағы А. есімді тұрғын Алматыдағы Сейфуллин көшесінің жол жиегінде тұрған басқа адамның меншігі болып саналатын Toyota Prado көлігін айдап әкеткен. Сотталушы оқиға орнынан ізін суытпақ болып, жылдамдықты арттырған. Салдарынан Jeep-ке соғылды. Көліктің жүргізушісі жарақат алып, 19 жастағы жолаушы көз жұмды. 21 жастағы А. есімді тұрғын оқиға орнынан жаяу қашып кетті, - деп жазылған хабарламада.

Сараптама қорытындысына сәйкес, апаттан келген шығын көлемі – 4 млн 600 мың теңге.

«Жәбірленушілер (Toyota Prado жүргізушісі мен қайтыс болған жасөспірімнің әкесі) сотталушыны кешіріп, оған талаптары жоғын айтты. Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады», - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен А. кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама