×

Үш жүз адамды алдап-соққан L-Capital компаниясына қатысты тергеу аяқталды

Келтірілген шығын көлемі - 32 мың АҚШ доллары

 Ербол Тұрымбет 07.02.2022 | 15:22
коллаж: Halyq Uni

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов L-Capital компаниясына қатысты (қаржы пирамидасы) қылмыстық іс тергеліп біткенін мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігінің жетекшілігімен арнайы прокурорлар қызметі Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласы және Атырау облысында «L-Capital» (Искандеров Г. И Жантелесова Т.) компаниясына қатысты қылмыстық істі қарады.

Компания салымшыларды бағалы қағаздарға инвестиция құюға шақырған. L-Capital компаниясы қызметінен 300-ден астам адам зардап шеккен. Келген шығын көлемі 260 млн теңгеден асып түсті (32 мың АҚШ доллары). Бүгінде қылмыстық іс соңына жетті. Қазір қатысы бар жандар іспен танысып жатыр.

2021 жылдың соңында Алматы полицейлері «L-Капитал» компаниясынан зардап шеккен салымшыларға жүгініп, зардап шеккендердің ұжымдық өтініштері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама