Ертең күдіктіні қамауда ұстау мерзімі аяқталуы керек болған
Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деп күдікке ілінген танымал вайнер Мейіржан Төребаевтың қамаудағы мерзімі тағы 1 айға ұзартылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 17 тамыздағы қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу кезеңінде 30 тәулікке ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды. Күдіктіні қамауда ұстау 18 қыркүйекке дейін ұзартылды, - деп жазылған Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, биыл ақпанда блогер, вайнер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген еді. Бұл кезде Алматының тергеу соты күдіктілерге кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.