×

«Барыс» клубы Президент кубогында төбелесті

Ресейлік ойыншылар бір-бірінің жағасынан алды

 Дастан Жұмабекұлы 18.08.2022 | 16:10
фото: bestnews.kz

«Барыс» клубының хоккейшілері Екатеринбургтің «Автомобилист» командасының ойыншылары Президент кубогы үшін болған матчта төбелесті.

Кездесуде екі ресейлік ойыншы бір-бірімен төбелесіп қалды. Астана командасының сапында өнер көрсететін ресейлік қорғаушы Владислав Семин ережені бұзған соң, «Автомобилисттің» ойыншысы Егор Баранов төбелес шығарды.

Соның салдарынан «Барыстың» өкілі төбелес үшін бес минутқа ғана емес, қарсыласының басынан ұрғаны үшін матч соңына дейін мұз айдынынан қуылды. Ал шиеленісті өткен матчта «Автомобилист» овертаймда 3:4 есебімен ұтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама