Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді
Күдікті ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген
Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлерінің келісілген бірлескен жұмысының нәтижесінде 15 тамызда кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды.
Оның республикалық іздеуде жүргені әрі «Таблиги Джамаат» діни-экстремистік ұйымын ұстанушы екені анықталды. Күдікті ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, әрі қарай қылмыстық қудалау үшін А. есімді азамат Қарағанды облысының уәкілетті органдарына берілетін болады.