Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында 26 адам бруцеллез жұқтырды

Жұқпалы аурудан адам сал болып қалуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 18.08.2022 | 13:48
Павлодар облысында 26 адам бруцеллез жұқтырды
Фото: agroqogam.kz

Жыл басынан бері Павлодар облысында 26 адамнан бруцеллез анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 дерекке көп.

Дәрігерлер Павлодар және Екібастұз қалаларында, Аққулы, Ақтоғай, Ертіс, Май, Успен аудандарында бруцеллезді жұқтыру дерегінің өскенін айтып отыр. Барлық жағдайда ауру малдан жұққан.

Бруцеллез – өте ауыр жұқпалы ауру. Онда тірек-қимыл жүйесі, жүйке және жыныстық жүйелер, сондай-ақ басқа органдар зақымданады. Алғашқы күндері науқастардың дене температурасы көтеріледі, қалтырау, терлеу, әлсіздік белгілері пайда болады, тәбет жоғалады. Бруцеллез уақытында емделмесе, мүгедектікке әкелуі мүмкін, - деп жазылған Павлодар облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 2021 жылдың басында Павлодар облысындағы ауылдардың бірінен мал дәрігерлері бруцеллез ошағын анықтаған еді. Салдарынан 130-дан аса мал сойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама