Halyq Uni логотип
×

Атырауда кәсіпкерлер жалған есеп беріп, бюджеттен қаржы алып отырған

Музыка мектептері де жалақыларын көтеру мақсатында ақылы үйірменің бағасын заңсыз өсіріп жіберген

 Еркеғали Болатұлы 18.08.2022 | 13:17
Атырауда кәсіпкерлер жалған есеп беріп, бюджеттен қаржы алып отырған
фото: ашық дереккөз

Атыраулық кәсіпкерлер спорт үйірмелеріне қатыспайтын 44 баланы тізімге енгізіп қойып, бюджеттен қаржы алып отырған.

Осылайша олар қазынаның 400 мың теңгесін жымқырған. Одан бөлек, музыка мектептері жалақыларын көтеру мақсатында ақылы үйірменің бағасын заңсыз өсіріп жіберген. Бұлардың бәрі прокурорлық талдау барысында анықталып отыр.

«Тексеріс кезінде ата-аналардың айғақтары бойынша балалардың спорт үйірмелеріне мүлдем бармағаны дәлелденді. Соған қатысты қадағалау актісі енгізілді. Мемлекетке келтірілген залал толықтай өндірілді. Саз мектерінің бағасы 10 пайызға төмендетіліп, 2700 баланың құқықтары қорғалды», - дейді қалалық прокуратураның бөлім бастығы Ерлан Кәкиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама