Halyq Uni логотип
×

Журналистерге асабалықпен тапқан ақшаны төледік - Омбыда қазақ газетін ашқан орыс жігіт

Ол тойдың форматын жаңартып, заманға сай сәл өзгерту керек деген пікірде

 Еркеғали Болатұлы 18.08.2022 | 10:50

Орыс жігіті Максим Споткай тойға асаба болып шығып, содан түскен ақшасына Омбыдағы қазақтарға арнап газет ашқан. «...Сұрауы бар» YouTube арнасындағы «Qazaq Bol» бағдарламасына берген сұхбатында ол қазақтілді газет ашу сол тілге деген жанашырлықтан туындағанын жеткізді.

Өзі де қазақ тілін өте жетік білетіндігінің арқасында қазір Сенатта аппарат басшысының орынбасары міндетін атқарып отыр. Оның айтуынша, той – қазақ халқы үшін маңызды дәстүрлердің бірі. Тек оның форматын жаңартып, заманға сай сәл өзгерту керек деген пікірде.

«Біздің әншілеріміздің көбі тойдан шыққаны рас қой. Бірақ бір мәселе бар. Олар тойдан алған ақшаны кейін қайда салады? Өзін дамыту, деңгейін арттыру үшін салса, бұл жаман емес. Мысалы, біз де студент кезімізде той басқардық. Себебі одан түскен ақшаны Омбыда шығатын газеттерге салдық, айлық ретінде журналистерге бердік», – дейді Максим Споткай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама