Halyq Uni логотип
×

Ақтауда пәтерден екі адамның мәйіті табылды

Тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 18.08.2022 | 10:15
Ақтауда пәтерден екі адамның мәйіті табылды
Фото: Halyq Uni

Ақтауда полицейлер адам өлтірген қылмыскерді «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында 102 кезекші пультіне 14 шағын аудандағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды.

28 жастағы күдікті «ізін суытпай» анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді, – делінген хабарламада.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама