Қазір ол Сенатта аппарат басшысының орынбасары
Жақсы қазақ қызы жолықса, үйленуге қарсы емеспін. Бойына қазақтың тілі мен дәстүрін бір қазақтай сіңірген қоғам белсендісі Максим Споткай «...Сұрауы бар» YouTube арнасындағы «Qazaq Bol» бағдарламасына берген сұхбатында осылай деп ағынан жарылды.
Айтуынша, ол студент кезінде асабалықты меңгеріп, талай қазақтың тойын атқарып берген. Қазір Сенатта аппарат басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.
Менің ойымша, қазақы үйлену тойды, одан кейін тұсаукесерді жасау артық емес. Қазақтың қызы кездесіп жатса, отбасын құруға дайынмын, әрі қазақтың салт-дәстүрімен үйленемін, – дейді Максим Споткай.
Жүргізушінің «Құрбыңыз бар ма?» деген сұрағынан «Бұл сұраққа эфирден тыс жауап беремін» деп құтылды ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын жоғарыдағы видеодан көре аласыздар.