«Екі тоқаш үшін түрмеге отырғызып қояды». Заңгер заңсыз байыған «Назарбаевтың қасындағылар» туралы айтты
«Еуропалық құқық және адам құқықтары» сарапшылық институтының директоры, профессор, заң ғылымдарының докторы Марат Бәшімов Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қасындағылар заңсыз оңай байып кеткенін айтты.
Заңсыз келісімшарттар болғанын барлығы біледі. 162 отбасы жатып алып, жекешелендіру арқылы байып кетті. Forbes-те жүр. Осының барлығы жемқорлықпен байланысты екені айдан анық. Назарбаевтың қасында жүрген отбасының барлығы байып кетті. Бәрі айтып жүр. Youtube-ты қараңыз. Конституцияға сай келмейтін мәселелерді құқық қорғау органдары қадағалау керек. Заңсыз алдың ба? Қайтарып бер. Қылмыстық іс қозғалды ма? Түрмеге отырасың, - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Заңгер қазақстандықтардың Конституция бойынша құқығы тең екенін айтты.
Неге қарапайым азаматты екі тоқаш ұрлағаны үшін отырғызып қояды. Аналар қазір өз бетімен жүр. Онымен бүкіл қоғам келіспейді, - деді ол.
Бұған дейін Марат Бәшімов Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың потретін мемлекеттік мекемелерден алып тастау керектігін мәлімдеді.