Halyq Uni логотип
×

Ұлыбританияда 3D-принтермен жасанды ет өндіріле бастады

Оның табиғи еттен еш айырмашылығы жоқ, дейді мамандар

 Қымбат Елтайқызы 07.02.2022 | 09:59
Ұлыбританияда 3D-принтермен жасанды ет өндіріле бастады
фото: kazakh-zerno.kz

Израильдік компания 3D-принтермен ет жасай бастады. Мамандардың айтуынша, оның табиғи еттен еш айырмашылығы жоқ, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі 24.kz порталына сілтеме жасап.

Жаңа өнімді бағалау шарасы Лондонда өтті. Оған шебер аспаздар, мейрамхана қожайындары мен тағам сыншылары қатысты. Қоспалардың нақты тізімі әзірге құпия. Жасанды еттің келісі - шамамен 34 доллар. Британиядан басқа, өндіріс жақында Нидерландта ашылмақ. Онда жылына 5 мың тонна эко-ет шығару жоспарланған.

Бұл жасанды етті кескенде нағыз еттен аумайды. Керемет сәйкестік! Бірақ кәуап ретінде қуырғанда айырмашылық сезіледі. Себебі тез қуырылып, дайындалады, - деді шеф-аспаз Джордан Склер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама