×

ШҚО-да белгісіз адамдар дронмен колонияға заттарды тасығысы келген

Түйіншекте жасырынған есірткіге ұқсас зат табылған

 Дастан Жұмабекұлы 17.08.2022 | 17:16
фото: ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ОВ 156/20 колониясының қызметкерлері түрменің жанындағы бұзылған ғимараттан смартфондары бар дронды және скотчпен оралған түйіншекті тауып алды.

Тәртіп бұзушылар колония жанындағы қараусыз қалған ғимаратқа тығылып, түрмеге дронның көмегімен тыйым салынған заттарды тастауға дайындалған.

Алайда, тәртіп бұзушылар колонияның қызметкерлерді байқап, өз аппараттарын алуға үлгермей қашып үлгерген.

Осы оқиғаға байланысты Өскемен қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылып, түйіншекте жасырынған есірткіге ұқсас зат табылған. Сондай ақ, екі смартфон және басқару пульті бар дрон табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама