Қызылордада киік атқан екі адам ұсталды

Халық үні

Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысы Полиция департаменті,​ Табиғат қорғау прокуратурасы ​және «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері рейд жүргізді. Олар қала орталығындағы көшелердің бірінде 27 жастағы қала тұрғыны жүргізген жеңіл автокөлікті тоқтатты.​

Тексеру барысында көлік жүк салғышынан ақбөкеннің денесі табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді.​ Күдікті екі азамат уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Олардың үстінен қылмыстық кодекстің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Елімізде браконьерлерге қарсы жаза күшейсе де, олардың саны азаяр емес. Ақшаға құныққан браконьерлер Қызыл кітапқа енген жануарларды қыруын әлі тоқтатқан жоқ.