Қызылордада киік атқан екі адам ұсталды
Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қызылорда облысы Полиция департаменті, Табиғат қорғау прокуратурасы және «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері рейд жүргізді. Олар қала орталығындағы көшелердің бірінде 27 жастағы қала тұрғыны жүргізген жеңіл автокөлікті тоқтатты.
Тексеру барысында көлік жүк салғышынан ақбөкеннің денесі табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Күдікті екі азамат уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Олардың үстінен қылмыстық кодекстің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Елімізде браконьерлерге қарсы жаза күшейсе де, олардың саны азаяр емес. Ақшаға құныққан браконьерлер Қызыл кітапқа енген жануарларды қыруын әлі тоқтатқан жоқ.