×

Петропавлда 2 бала жоғалып кетті

Олар адасып кеткен

 Дәурен Ерболат 17.08.2022 | 15:35
Фото: polisia.kz

Петропавлда полицейлер жоғалған 2 баланы іздеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалада Қызылжар ауданынан келген 6 және 8 жастағы балалар жоғалып кеткен. Әкесі алдымен балаларды өзі іздеген. Кейін кешкі сағат 21:00 шамасында полицияға жүгінген.

Ювеналды полиция қызметкерлері мен жедел уәкілдер балалар жасырынуы мүмкін барлық жерді тексерген, ал басқа тәртіп сақшылары жұрт жиылатын жерлер мен көшелерді тексеріп шыққан.

Балаларды іздеуге қала тұрғындары да көмектесті. Түнде «102» нөміріне «Рахат» дүкені ауданында 2 баланың орындықта отырғаны туралы ақпарат түскен. Бұл жерге патруль жіберіліп, полицейлер жоғалған 2 баланы ата-анасына қайтарды. Олар адасып кеткен, - дейді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімінің басшысы Эльмира Абушева.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмау керегін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама