1,3 трлн теңге бюджет ақшасы тексеріледі

Дастан Жұмабекұлы

Әзірше 77 нысанда 14 аудиторлық іс-шара өткізілді

фото: ашық дереккөз

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудиттің жоғары органының биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындыларын айтып берді. Сондай-ақ ол Президенттің берген тапсырмалардың орындалуы барысын баяндады.

Н.Годунова Президентке жыл басынан бері 1,3 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қамтитын 77 нысанда 14 аудиторлық іс-шара өткізілгенін айтты.

Одан басқа Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру бойынша әзірленген тәсілдер жөнінде ақпарат берді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді.