Елбасының портретін мемлекеттік мекемелерден алып тастау керек – заңгер
Ол бақылауды Бас прокуратура жүргізуі керек деп санайды
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың потретін мемлекеттік мекемелерден атып тастау керек. Бұл туралы Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры, профессор, заң ғылымдарының докторы Марат Башимов айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде Конституцияда «Елбасы» деген сөз жоқ. Сондықтан Бас прокуратура халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.
Олар Конституциялық емес терминнің қолданысын бақылап отыруы керек. Қазір «Елбасы» термині конституциялық емес болып саналады. Қазір ондай сөз жоқ. Көпшілік іс-шараларда мұндай сөзді жазғанда Бас прокуратура түсінік беруі тиіс. Бас прокуратура Конституция нормаларын түсіндіруі шарт... «Елбасы» сөзі жоқ. Ол Конституциялық түсінік емес. Сондықтан бұл мәселеге қатысты Бас прокуратураның нақты ұстанымы қажет. Елбасының мемлекеттік органдарда тұрған портреті алынуы тиіс. Бас прокурутура оны бақылауы керек, - деді заңгер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Марат Башимов референдумда қабылданған өзгерістер 5 маусымда күшіне енгенін атап өтті.
«Оның конституциялық күші бар. Енді басқа заңдарды қабылдаймыз деп күтудің керегі жоқ», - деп түйіндеді сөзін профессор.