Halyq Uni логотип
×

Өскеменде тағы бір тұрғын үйдің төбесі опырылып түсті

Пәтерлер су астында қалды

 Халық үні 06.02.2022 | 11:30
Өскеменде тағы бір тұрғын үйдің төбесі опырылып түсті
фото: tengrinews.kz

Әлеуметтік желіде Өскемендегі жаңа тұрғын үйлердің бірінің төбесі опырылып, пәтерлердің су астында қалғаны жайлы видео пайда болды, деп хабарлайды Halyq Uni Altaynews.kz басылымына сілтеме жасап. 

Аталмыш оқиға Әл-Фараби даңғылы, 38/3 мекенжайында болған. Белгілі болғандай, 3 ақпан күні таңғы уақытта ыстық су құбыры жарылып, пәтердің төбесі құлап, барлығы су астында қалған. Сондай-ақ бір емес, төрт бірдей пәтер зардап шеккені анықталды.

Қаланың Тұрғын үй қатынастары бөлімі туындаған жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

Бұл үйге «Өрлеу»ЖК қызмет көрсетеді. 1 ақпанда тұрғындардың бірінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ыстық және суық сумен жабдықтауды сөндіруге өтінім түсті. Алайда жұмыс аяқталғаннан кейін су крандары жертөледе ашылып, үйдің төбесінде ашылмай қалған. Соның салдарынан №25, 20, 15 және 10 пәтерлерді су басты. Оқиға орнында тексеру жүргізіліп, акт жасалды, - деді Тұрғын үй қатынастары бөлімі.

Бұған қоса осы пәтерлердің тұрғындарына «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң түсіндіріліп, келген залалды анықтау үшін тәуелсіз сараптама жалдау, содан кейін «Өрлеу» ЖК-ға сот тәртібімен талап арыз беру ұсынылды.

Бұл Өскемендегі жаңа тұрғын үйлерде болған алғашқы жағдай емес екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама