×

Қазақстанға көшіп келген ресейліктер қай облысты таңдады?

Олар көбінесе Қарағанды, ШҚО, Қостанай, СҚО мен Алматы қаласына келген

 Дастан Жұмабекұлы 17.08.2022 | 12:04
фото: islamnews.ru

Биыл Қазақстанға Ресей азаматтарынан тұрақты қоныстануға рұқсат алуға өтініш былтырғымен салыстырғанда екі есеге көп түскен.

Бұл туралы «Курсив» басылымы хабарлады.

2020 жылы жыл басынан бері тамыз айында 2 610 өтініш түссе, ал 2021 жылы  2 853 өтініш келіп  түскен. Ал биыл Ішкі істер министрлігіне ресейліктерден 4 566 өтініш келген.

ІІМ-нің хабарлауынша, ЕАЭО елдерінің азаматтары Қазақстанда тіркеусіз 30 күнге дейін, ал тіркелсе 90 күнге дейін бола алады. Алғашқы үш күнде тіркелу қажет. Шетелдік азаматтар елімізде 90 күн болғаннан кейін уақытша тұруға рұқсат немесе ықтиярхат алуға құжаттар тапсыруға тиіс.

Рұқсат алуға немесе ықтиярхат алуға өтініш берген Ресей Федерациясының азаматтары көбінесе Қарағанды ​​облысын (9 877 адам), Алматы (7 684), Шығыс Қазақстан (7 415), Қостанай (5 456) және Солтүстік Қазақстан (4 734) облыстарын таңдаған.

2022 жылы 11 037 қазақстандық Ресейге көшіп кеткен. Биыл Қазақстанға 2 134 598 шетел азаматы – жұмысқа, оқуға, емделуге немесе туризм мақсатында келген. 2 529 424 шетел азаматы елдеріне қайтып оралған.

Тағы бір деректі айтсақ. Өзбекстан Республикасының азаматтары елімізде жеке сәйкестендіру номерін (ЖСН) алуға өтініш жасаған. Мысалы, 2022 жылы берілген 198 806 ЖСН-ның 91 454 өтініші өзбекстандықтардан, 74 371 – ресейліктерден, 7 896 – Тәжікстан азаматтарынан, 4 470 өтініш қырғызстандықтардан, 1520 өтініш украиналықтардан келіп түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама