Ол сотта өзінің кінәсіз екенін дәлелдей алмаған
Қызылорда облысында 402 тонна жағармай мен мұнай өнімдерін заңсыз сатқан жеке кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттік мәліметінше, кәсіпкер мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжатсыз көтерме саудада сатқаны үшін 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Күдікті 4 тонна дизель отынын тиісті құжаттарсыз өткізбек болған жерінде ұсталып, тергеу барысында ол бұрын өзі өткізген 93 миллион теңгеге тағы 402 тонна жанармайдың шығу тегінің заңдылығын растай алмады, - деп жазылған хабарламада.
Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда Агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарласа аласыздар: