×

Гүлнәр Каримованың 131 млн доллары Өзбекстанға қайтарылады

Қайтарылған қаражат білім беру, денсаулық сақтау салаларына бөлінеді

 Дәурен Ерболат 17.08.2022 | 10:38
Фото: Өзбекстанның әділет министрлігі

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнәрға тиесілі 131 млн доллар Швейцариядан елге қайтарылады, деп хабарлайды uznews.uz.

Биыл 16 тамызда Берн қаласында Өзбекстан мен Швейцария арасында «Швейцарияда тәркіленген заңсыз сатып алынған активтерді Өзбекстан халқының игілігіне қайтару тәсілдері туралы» келісімге қол қойылды. Оған Әділет министрі Русланбек Давлетов мен Швейцария президенті Иньяцио Кассис қол қойған.

Бұл Гүлнара Каримова бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың бұрын заңсыз сатып алған және Швейцарияда заңдастырылған 131 млн долларды (шамамен 1,4 трлн сум) Өзбекстан халқына қайтаруға мүмкіндік береді, - деп жазылған Өзбекстанның әділет министрлігі таратқан хабарламада.

Келісімге сәйкес активтерді қайтару төмендегі қағидат негізінде жүргізіледі:

  • ашықтық пен айқындық, реституцияға қатысты ақпаратты жұртшылыққа ашық жариялау;
  • азаматтық қоғамның осы процеске қатысуы;
  • қайтарылған қаражатты әлеуметтік салаға: білім беру мен денсаулық сақтауға пайдалану;
  • Өзбекстан мен Швейцария арасындағы реституция мәселелері бойынша тұрақты диалогты сақтау.

Реституция БҰҰ траст қорының жүйесіне кіретін Uzbekistan Vision 2030 траст қоры арқылы жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама