×

Киевтен оралған Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды – прокуратура

Саяси белсенді 2016 жылдың жазынан бері Украинада тұрып келді

 Халық үні 06.02.2022 | 14:07
Ермек Нарымбаев, фото: facebook

Алауыздықты қоздырғаны үшін сотталған – бірнеше жылдан бері іздеуде жүрген Ермек Нарымбаев Киев қаласынан келгеннен кейін Алматы әуежайында ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Айта кетейік, Нарымбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») бойынша ұсталған болатын. Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды.

Саяси белсенді 2016 жылдың жазынан бері Украинада тұрып келді. Ермек Нарымбаев 23 қаңтарда әлеуметтік желі арқылы Қазақстанға оралатынын хабарлады. «Жақында Алматыда боламын. Билікпен пен қоғам арасында диалог болады деп сенемін, ақ ту ұстап барамын. Балаларыммен кездесуге мүмкіндік бола ма, жоқ па, білмеймін» деп жазған.

2015 жылғы қазанда Ермек Нарымбай мен Серікжан Мәмбеталинге «алауыздық тудырды» деген айып тағылып, Нарымбай үш жылға, Мәмбеталин екі жылға бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама