Halyq Uni логотип
×

Алматыда ер адам анасын әйеліне ұрысқаны үшін өлімші етіп сабаған

Ұлы қорлық көрсетсе де, анасы оған кешірім беріп, жазасы жеңілдетілді.

 Халық үні 17.08.2022 | 00:40
Алматыда ер адам анасын әйеліне ұрысқаны үшін өлімші етіп сабаған
фото: ашық дереккөзден

Келін мен ене арасындағы жанжал үстінен түскен мас күйдегі ер адам анасына тап берген. Бейнебақылау жазбасынан оның алдымен анасын буындырып, жерге құлатып, балдақ сынғанша ұрғаны анық көрінеді. Осыған қарамастан, сот отырысында анасы ұлына кешірім берді. Оқиға Алматының Алатау ауданындағы Жезқазған көшесінде болды. Анасын аяусыз ұрған 50 жас шамасындағы күдікті бейнежазба арқылы анықталып, ұсталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп мәлімдеді almaty.tv. 

3 ай өткеннен кейін сот отырысы өтті. Онда жәбірленушіден бөлек, айыпталушы мен оның адвокатынан жауап алынды.

Алатау аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Дінмұхамед Маханбетқұлдың айтуынша, сот-медициналық сараптамаға сәйкес, жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтірілгені белгілі болды. Сотталушы жасаған қылмысын толық мойындап, өкінетіндігін айтты.

Ұлы қорлық көрсетсе де, анасы оған кешірім беріп, жазасы жеңілдетілді.

«Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Смирнов Александр Владимирұлын кінәлі деп танып, ҚР ҚК 107-баптың 2-бөлігі 3және 5-пунктіне сәйкес, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалсын. Дәл сондай мерзімде 100 сағатқа мәжбүрлі жұмысқа тартылсын», - деді Алатау аудандық сотының судьясы Гүлзат Шардарбекова. 

Айыпталушы бұл талаптарды орындамаса, жазасын темір торда өтейді. Одан бөлек, ол полиция бақылауында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама