×

«Дикий Арман» қалай ұсталды: Арнайы операция видеосы жарияланды

Қылмыс әлемінің серкесі Алматыдағы қонақүйлердің бірінде құрықталды

 Халық үні 06.02.2022 | 09:30

Қылмыс әлемінің серкесі «Дикий Арманды» ұстау сәті түскен видеокадрлар жария болды. Арнайы операция Алматыдағы отельдердің бірінде болған. Тінту барысында одан қару табылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

«Дикий Арман» аталып кеткен қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмағелдиевтің құрықталғаны туралы 7 қаңтарда белгілі болды, – делінген ақпаратта.

2 ақпанда Арман Жұмағелдиевтің адвокаттары оның Алматы ҰҚКД тергеу абақтысында екенін мәлімдеді. Ол бұл жерге полиция департаментінің изоляторынан жеткізіліпті.

Мемлекет басшысы 29 қаңтарда «Хабар» телеарнасына беген сұхбатында бандиттердің бір тобының мүшелері Алматыдағы бес жұлдызды отельде тұрғанын, ал командалық штабының «Қазақстан» қонақүйінің бірінші қабатында болғанын айтқан.

2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты. Осы жағдайға байланысты барлық аймақта төтенше жағдай режимі енгізіліп, Президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Тоқаев «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындар, күш құрылымдары қызметкерлері қаза тауып, жарақаттанды. Ғимараттар мен көліктер қиратылып, бизнес зардап шекті. Қазір бірқатар шенеунік ұсталып, билікте ауыс-түйіс жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама