×

Маңғыстауда жүк көлігі басып кеткен джиптің жүргізушісі аман қалды

Оқиға тағы да Ақтау-Жаңаөзен республикалық тас жолында болған

 Дастан Жұмабекұлы 16.08.2022 | 17:21
фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Ақтау-Жаңаөзен республикалық тас жолында битум тиелген жүк көлігі қарама-қарсы келе жатқан джипті басып, сайға түсіп кеткен видео жарияланды.

Оқиға 14 тамыз күні сағат 17.00 шамасында болған. Видеода жүк көлігі жолдың қарсы бағытында келе жатқан джипті шетке қарай қағып, үстінен басып өткені түсіп қалған. Бір қуанштысы, осы оқиғадан джиптің жүргізушісі аман қалған. Бұл ақпаратты полиция департаменті растады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама