×

Жол тазаламаған ауыл әкімі айыппұл арқалады

Оған кемшілікті жою тапсырылды

 Халық үні 05.02.2022 | 15:00
фото: polisia.kz

Павлодар облысы Успен ауылдық округінің әкіміне жолдарды тиісінше күтіп ұстамағаны үшін айыппұл салынды.

Успен ауданының тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін арттыру әрі жол апаттарының алдын алу мақсатында 4-7 ақпан аралығында «Жаяу жүргінші» іс-шарасын өткізіп жатыр.

Аудандық әкімшілік полиция бастығы Александр Семенченконың айтуынша, тәртіп сақшыларының назарына жол жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншілер және оларды өткізбеген жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер өткелінің жағдайы да кіреді. 

Мәселен, 4 ақпанда Успенка ауылын тексеру кезінде орталық көшедегі жолақтың қар мен мұздан тазаланбағаны анықталды. Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабын бұзғаны үшін (жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамау) ауыл әкіміне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сәйкесінше оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ лауазымды тұлғаға кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама