Алдағы кезде оның бағасы тағы көтеріледі
Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда электр энергия тапшылығы болуы мүмкін екенін айтты.
Оның айтуынша, KEGOC компаниясының бағалауы бойынша 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымында электр энергиясының тапшылығы 1-1,5 млрд кВтсағ болады. Ал қазір елде электр энергиясының тапшылығы байқалады.
KEGOC есептеп шығарған мәліметке қарағанда, Қырғызстанға энергия жеткізу сақталса, онда тапшылық көлемін өтеу керек. Бұл тұрғыда қыс кезінде еліміздің станцияларының техникалық жағдайы маңызды болып тұр. Ел аумағын энергиямен қамтамасыз ету министрлік пен жүйелік оператордың міндеті, – деді вице-министр.
Барлығы электр энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілетін болады.