Жастар мал дәрігері болғысы келмейді – комитет төрағасы
Бүгінде саладағы мамандардың орташа жасы – 40-55
Бүгінде жастар мал дәрігері болғысы келмейді. Себебі оларға жағдай жасалмаған. Бұл туралы АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Өкінішке қарай, жастар мал дәрігері болғысы келмейді. Өйткені ауылдың тұрмысын өздеріңіз білесіздер. Жұмыс уақыты белгіленбеген. Мал дәрігері ерте тұрып, кешке дейін жұмыс істейді. Малдарды емдеп, егуі керек. Кешке қайта еңбектенуі керек. Жұмысқа барған және қайтқан уақыты бар. Шалғай ауылдарда, қыстақта жататын орын да жоқ. Сондықтан жастарға бұл мамандық қолайсыздау, - деді комитет төрағасы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Асқар Жақыпбаевтың пікірінше, салаға жас мамандарды тару үшін жалақаны өсіріп, цирфландыру арқылы қағазбастылықты азайту керек.
Айта кетейік, бұған дейін Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы мал дәрігерлерінің жалақысы көтерілетінін айтқан еді.