Halyq Uni логотип
×

Мал дәрігерінің жалақысы 500-600 мың теңгеге көтеріледі – АШМ

Бүгінде заңға өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр

 Дәурен Ерболат 16.08.2022 | 16:01
Мал дәрігерінің жалақысы 500-600 мың теңгеге көтеріледі – АШМ
Фото: РИА Новости

Заң қабылданса, мал дәрігерінің жалақысы 2-2,5 есе өсіп, жоғары санаттағы маман 500-600 мың теңге жалақы алады. Бұл туралы АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан бойынша шамамен 1800 мал дәрігері жетіспейді. Себебі, салада жалақы төмен.

«Мысалы, Павлодар облысында мал дәрігерінің жалақысы 206 мың теңге болса, Қызылорда облысында – 98 мың теңге. Бұл – 33%-ға көтерілген жалақы. Себебі, әр өңірде тариф әртүрлі болғандықтан жалақы да бірдей емес», - деді Асқар Жақыпбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол мамандардың жалақысын көтеру үшін мемлекеттен 6 млрд 135 млн теңге бөлінгенін, алдағы уақытта еңбекақы көлемі өсетінін атап өтті.

Мысалы, №1193 деген қаулы бар. Оған өзгерістер енгіземіз… Заңға енгізілетін өзгерістер дайын. Онда актілер бар. №1193 деген қаулыны дайындап жатырмыз. Есептер әлі аяқталған жоқ. Алайда мал дәрігерлерінің жалақысы 2 – 2,5 есе өседі. Мысалы, екінші санаттағы маман 200 мың теңге жалақысы алып жүрсе, ол 400 мың алады. Ал үшінші санаттағы, яғни жоғары санаттағы маман 500-600 мың теңге алатын болады, - деді комитет төрағасы.

Ол заң қабылданса, мамандардың еңбекақысы өсетінін жеткізді.

«Заңды қабылдаймыз. Ондағы талаптарды орындау жергілікті атқарушы органдардың міндеті», - деді басшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама