×

Өскеменде 12 тамызда жоғалып кеткен 3 баланың анасы табылмай жатыр

Жақындарының айтуынша, ол дін жолында екен

 Еркеғали Болатұлы 16.08.2022 | 14:50
фото: дереккөз

Өскеменде 3 баласы бар әйел жоғалып кетті деп хабарлады жергілікті altaynews.kz сайты.

1975 жылғы туған Сәния Қадырханқызы Садықова 12 тамыз күні шамамен сағат 19.00 шамасында жоғалған.

Сәния үй әрлеу, еурожөндеу жұмыстарымен айналысқан. Жоғалған күні кешке Өскемендегі Бульвар Гагарин көшесі аумағындағы бір үйдегі тапсырысты аяқтап, 60 мың теңге алып, үйіне қайтқан. Содан бері хабар-ошар жоқ. Үйінде жақындары мен 3 баласы күтіп отыр.

Басында орамалы, жылтыр кепка, үстінде ақ спорттық киім және ақ спорттық аяқ киімі бар. Жақындарының айтуынша, ол дін жолында екен. Ішімдікке немесе басқа да әдеттерге үйір емес.

Полиция жоғалған әйел туралы қандай да бір мәлімет білетін адам болса, дереу «102» желісіне хабарласуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20