Антикор автокөліктерді заңсыз тіркеген адамдарды ұстады

Дастан Жұмабекұлы

Олардың ақша жасағаны анықталып, қылмыстық схемасы әшкереленді

фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мен полиция қызметкерлерінің автокөліктерді заңсыз мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін ақша жасағанын анықтап, қылмыстық схемасын әшкереледі.

Тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы – «Т.»-ның және Алматы облысы бойынша ДПП Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторының заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталды.

14 тамызда тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Жалпы, еліміз бойынша 500-ге жуық автокөліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Қазір Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен еліміздің басқа өңірлеріндегі полиция қызметкерлері тексеріліп жатыр.