×

Мұнайшыларының мұңы көп Маңғыстауда фельдшерлер де шу шығарды

Пандемия кезінде 60-70 мың теңге алып жүрдік дейді

 Еркеғали Болатұлы 16.08.2022 | 11:01
фото: дереккөз

Маңғыстау облысында енді жалақымыз түкке жетпейді деген жедел жәрдем қызметкерлері бас көтеріп жатыр. Ақтау, Жаңаөзен және Мұнайлы ауданының фельдшерлері мен көлік жүргізушілері жергілікті билікке еңбекақыны көтермесе, жұмысқа шықпайтындарын ескертті.

Коронавирус кезінде де жүрдік. Бізге бір тиын ақша төленген жоқ. Сол вирустың кезінде алған айлығымыз 90 мыңға да жетпеді. 60-70 мың теңге алып жүрдік. 90 мыңмен мына заманда бала-шаға бағу да қиын, - деді фельдшер Нағима Сәлібекова КТК телеарнасына берген сұхбатында.

Олар айтқан 90 мың теңге айлыққа ақпан айында 40 мың теңге қосылған екен. Алайда кейін оны да тоқтатып тастапты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл жағдайды қаржылық қиындықтармен түсіндіреді. Мәселені шешу үшін біраз уақыт керек дегенмен, шу шығарғандардың оған көнгісі жоқ.

«Қазір сол 40 мыңды ары қарай жалғастырып төлей беруге келісімге келдік. Бұл қызметкерлердің қазіргі талабы – 40 мыңды тоқтатпау мәселесі. Бұл мәселе шешімін тапты», - деп қысқа қайырды сөзін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама