Қажетті сараптамалар тағайындалды
Ақмола облысында 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Рolisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 13 тамыз күні Ақмола облысының Аршалы полиция бөлімшесіне кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі туралы арыз келіп түскен.
Сол күні күдікті «ізін суытпай«ұсталды. Полиция оның жеке басын анықтады, ол жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған фактіге байланысты қажетті сараптамалар тағайындалды, – делінген хабарламада.
Ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.