×

Тергеу барысында қысым көрсету, өкілеттігін асыра пайдалану: 15 қылмыстық іс қозғалды

Қаңтар оқиғасына қатысты жаңа деректер айтылды

 Халық үні 04.02.2022 | 20:34
фото © Әсет Құндақбаев

Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу барысында қысым көрсету фактісімен 15 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ОКҚ-дағы брифингте Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда прокуратураға 108 арыз түсті. Олардың негізінде лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, тергеу барысында қысым көрсету фактілері бойынша 15 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, Атыраудағы «Динамо» стадионында болған жағдайлар, Талдықорған қаласының тұрғыны Батырбаевқа заңсыз күш қолдану және басқа да фактілер бар. Осындай оқиғалардың жан-жақты толық тексерілуін қамтамсыз ету үшін олар бойынша тергеу жүргізу жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне және арнаулы прокурорларға тапсырылды», - деді Елдос Қилымжанов.

Бас прокуратура өкілі бұрын қамауға алынғандарға қатысты бұлтартпау шарасын жеңілдетіліп жатқанын атап өтті. Мәселен, прокурорлар Алматы қаласында - 59, Қызылорда облысында - 3 және Шығыс Қазақстанда - 1 адамды қамаудан босатты. Олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Сол сияқты Қызылордада прокурорларының талабы бойынша үш адам үйқамаққа жіберілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама