Ресейден 13,5 мың литр сыра заңсыз әкелінген
Тексеріс барысында алкоголь өнімдерін заңсыз өндірген цех анықталған
Алматыға 13,5 мың литр сыра Ресейден заңсыз жеткізілген, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
МКК Алматы қаласы бойынша департаменті Ресей Федерациясынан 13,5 мың литр алкоголь өнімін (сыраны) заңсыз әкелу мен сақтау дерегін анықтады. Оның ішінде 10 мың 830 литр ішімдік пластикалық контейнерде сақталған. Бұған Қазақстан заңында тыйым салынған. Сондықтан іс құқық қорғау органдарына жіберілген.
Тексеріс кезінде контрафактілік алкоголь өнімдерін өндіретін цех анықталды. Онда арнайы құрылғы мен спирт арқылы түрлі ішімдік дайындалған. Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымы мемлекетке ғана зиян келтіріп қоймай, халықтың денсаулығына да айтарлықтай салдарын тигізеді, - деп жазылған хабарламада.