Қайықтан Жайыққа құлаған бала әлі табылған жоқ
Оның денесі сағат 7.30-дан бастап іздестіріліп жатыр
Кеше Атырау облысында Жайық өзеніне батып кеткен 7 жастағы баланың денесі әлі іздестіріліп жатыр.
Атырау қаласы маңындағы Қызылбалық ауылында 14 тамызда сағат 21.00 шамасында Жайық өзенінің жағасында тұрған қайықтардың үстінде ойнап жүрген 2015 жылғы бала суға батып кетті. Оның денесі 15 тамыздағы сағат 7.30-дан бастап іздестіріліп жатыр, - делінген ТЖД хабарламасында.
Іздеу жұмыстарына Атырау облысы ТЖД-ның 4 сүңгуірі, 1 техникасы жұмылдырылды.