Halyq Uni логотип
×

Қаңтар оқиғасына қатысты 2 752 қылмыстық іс тергеліп жатыр – Бас прокуратура

Қамауға алынғандардың 113-і бұрын сотты болғандар

 Халық үні 04.02.2022 | 20:23
Қаңтар оқиғасына қатысты 2 752 қылмыстық іс тергеліп жатыр – Бас прокуратура
фото © Самат Құсайынов

Қаңтар оқиғасына қатысты 2 752 қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы ОКҚ-дағы брифинг барысында Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

«Бас прокуратура қаңтар оқиғасында орын алған қылмыстардың тергелуін, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңдылықтың сақталуын қадағалауды жалғастырып жатыр. Бүгінде 2 750 қылмыстық іс тергеуде. 802 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, ал 91 тұлғаға басқа бұлтартпау шаралары қолданылды. Қамауға алынғандардың 113-і бұрын сотты болған (кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық үшін) және радикалды діни ағымдардың жақтаушылары», - деді Қилымжанов.

Елдос Қилымжановтың айтуынша, күдіктілерді қамауға алу мәселесін қарастыру кезінде олардың әрқайсысының іс-әрекеті, жеке басы, кінәсін мойындау және тергеуге көмек көрсетуі ескеріледі. Осы негізде прокурорлар күдіктіні қамауға алу туралы 11 ұсынысты қолдамады. Сот та 80 күдіктіні қамауға алудан бас тартты. Уақытша ұстау изоляторынан 103 адам босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама