Halyq Uni логотип
×

Баталовтың бұрынғы жүргізушісі пәтерін қайтарды

Талдықорғанда заңсыз берілген баспананы қайтару бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 15.08.2022 | 14:41
Баталовтың бұрынғы жүргізушісі пәтерін қайтарды
фото: ашық дереккөз

Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталовтың бұрынғы жүргізушісі өзіне заңсыз берілген пәтерді мемлекет меншігіне қайтарды.

Баталовтың бұрынғы жүргізушісі 2015 – 2020 жылдар аралығында облыс әкімдігінен пәтер алған. Қалалық тұрғын үй комиссиясы тексеру кезінде баспананың заңсыз берілгенін анықтады.

Оған Талдықорған қаласының 8-шағынауданынан қызметтік тұрғын үй берілген. Пәтер бір бөлмелі. Ол енді Баталовтың жүргізушісі болмағандықтан, пәтер тұрғын үй-коммуналдық қорына қайтарылды, –  деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.

Бұған дейін хабарланғандай, Талдықорған қаласында мұқтаж азаматтарға арналып салынған пәтерлерді кезектен тыс заңсыз иемденгендердің арасында мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері де болған. Осыған байланысты қала әкімі Әсет Масабаев заңсыз бөлінген баспананы қайтару бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатқанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама