Ол есірткі саудасымен айналысқан
Елордада полицейлер халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Қызылорда облысының полиция департаменті.
Облыстық ПД Криминалды полиция басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іздестіру шараларын жүргізген.
Нәтижесінде елордада 2020 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда облысының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3-тармағы бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Онда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу үшін заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу жағдайы көрсетілген, - деп жазылған хабарламада.
Полиция мәліметінше, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.