Тексеру комиссиясының төрағасына 45 млн теңге айыппұл салынды
Оған алаяқтық жасады деген айып тағылды
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл 12 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаров алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, оған 45 млн теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды, – делінген хабарламада.
Антикордың мәліметінше, 2020 жылдың қыркүйек айында Джапаров субсидия төлеу заңдылығы бойынша оңтайлы аудиторлық есеп беруге ықпал еткені үшін кәсіпкерден 3 млн теңге алған.